«Омбы-Майқапшағай» автожолы мерзімінен бұрын жөнделді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» автожолының орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, бүгін 14 мамырда «РФ шекарасы (Омбы) - Майқапшағай» автожолы учаскесінде жаңарту жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталған.

«Павлодар-Тереңкөл-Железинка-Омбы бағыты бойынша, 208-227, 293-299, 307-309 шақырымдарында жаңа асфальт жабынды салынды. Бас мердігер «ПКФ Гордорстрой» ЖШС. Жолшылар жалпы ұзындығы 27 км жаңа асфальт төсеуді және фрезерлеу әдісімен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Құрылыс учаскесіне 60 жол жөндеу техникасы мен 80 адам жұмылдырылған болатын», делінген хабарламада.
null
Айта кетерлігі,.2019 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы жалпы ұзақтығы 146 км республикалық маңызы бар 8 автожол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар