Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 17 °С
USD 339.95 EUR 392.64
RUB 5.30 CNY 52.51
Жаңалықтар

Омбудсмен оңтүстіктегі 7 жасар балаға қатысты жағдайды бақылауға алды

2018 жылғы 14 наурыз 11:37 1213
Бөлісіңіз:
 Омбудсмен оңтүстіктегі 7 жасар балаға қатысты жағдайды бақылауға алды

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Оңтүстік Қазақстан облысында жеті жасар баланың зорлануына байланысты жағдайды бақылауға алды. Бұл туралы Омбудсменнің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Ұқсас жаңалықтар
Оралда ыстық су беру тағы да тоқтатылды Ақтөбеде пышақ жарақатынан көз жұмған мектеп түлегінің кім екені анықталды

«2017 жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы Ж. Баласағұн атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сыныбы оқушыларының бірінші сынып оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттеріне байланысты БАҚ-та орын алған хабарламалар кең қоғамдық резонанс тудырды. Қазақстанның Омбудсмені осы істі тергеудің ұзаққа созылғандығына алаңдаушылық білдірді. Бұл оқиғаның түрліше түсіндірілуінің және кәмелетке толмаған баланың құқықтарын қалпына келтірілуіне уақытылы әрекет ету шараларын қабылдамаудың негізі болып табылады» делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, омбудсмен зардап шеккен баланың физикалық және психоэмоционалдық жағдайы бұзылғандықтан қажетті көмек көрсету мәселесі маңызды екенін атап өтеді.

«Бұл жағдай ҚР Омбудсменінің бақылауына алынды. Тиісті ресми сұраулар ҚР Бас прокуратурасына, Ішкі істер министрлігіне және Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жан-жақты әрекет ету шаралары үшін жіберілді» делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде «Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген» деген ақпарат тараған болатын. Жеткіншектің әжесі құзырлы органдарға арызданғанымен, бұл жайтқа қатысты тергеу шаралары жүргізілмегенін айтып шағымданған еді.

 


Басты сөздер: Заң, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат