Омбудсмен гемофилияға шалдыққан науқастар жөнінде Үкіметке үндеу жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров тегін медициналық көмек аясындағы дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігі  және дер кезінде қамтамасыз етілмеуі туралы ел тұрғындарынан және гемофилияға шалдыққан науқастардан келіп түскен арыз-шағымдарға байланысты ҚР Үкіметіне үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы амбулаториялық және стационарлық қамсыздандыру үшін дәрі-дәрмекті сатып алу сомасы 191,7 млрд теңгеден асқанын, яғни мәлімделген қажеттіліктің 90% құрайтынын және оның 75% астамы аймақтарға жеткізілгенін мәлімдеген еді. Алайда, ұлттық құқық қорғау мекемесіне азаматтардың қажетті дәрі-дәрмектерді алмағаны жөнінде шағымдар түсуде», - делінген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Атап айтқанда, «Қазақстан мүгедектер қауымдастығы - гемофилияға шалдыққандар» қоғамдық ұйымы гемофилияға шалдыққандардың арыз-шағымы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан түсіп жатқаны туралы хабарлаған. 

Мекеме келтірген деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда «гемофилия» диагнозы бар 1 273 науқас есепте тұр (841 ересек адам, 432 - бала), оларға гематологтардың орнына учаскелік терапевттер медициналық қызмет көрсетіп жатыр.

«Терапевтте гематология бойынша қажетті білім мен біліктіліктің жоқтығы осы санаттағы науқастарды кәсіби емдей алмауға, сондай-ақ ел өңірлерінде дәрі-дәрмектік препараттарға қажеттілік тізімін дұрыс құрмауға әкеп соғады. Гемофилияға ұшыраған науқастар гематологтың көмегіне ғана емес, сондай-ақ тіс дәрігерлерінің, хирургтердің, травматологтардың, психологтардың салалық мамандандырылған көмегіне де зәру. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында гемофилиямен ауыратын балалардың ата-аналары салалық мамандардың балаларды емдеуден бас тартқанын да айтқан болатын. Бұл тұрғыда Үкімет ауруды диагностикалау, емдеу, алдын алу, науқастарды оңалту, сондай-ақ гемофилияға шалдыққандарды бірыңғай орталықтан есепке алуды жүзеге асыра алатын республикалық мамандандырылған мекеме құруға назар аударды», - дейді Омбудсмен. 

Қазақстаннан бөлек,  мұндай мекемелер көптеген дамыған елдерде, Ресей мен Өзбекстанда жұмыс істейді.

Ресейде Ұлттық медициналық гематологиялық зерттеу орталығында жыл сайын 4 мыңнан астам гемобластозамен және қанның басқа ауруларымен ауыратын науқастар ем алады, мыңнан астам оталар жасалады. 28 ғылыми-клиникалық және клиникалық-диагностикалық мекем

елер бар. Өзбекстанның Гемофилия орталығында диспансеризация, ортопедиялық емдеу, сондай-ақ оңалту мен алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Емдеу амбулаторлық және стационарлық жағдайларда өткізіледі.

Сондай-ақ үндеу хатта гемофилия ауруының профильді ведомство бекіткен Әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінде болмауы мәселесі қозғалды.

«Гемофилия - анағұрлым күрделі, салдары қиын, емделмейтін генетикалық аурулардың бірі. Қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, Омбудсмен ҚР Үкіметіне мәселені кезек күттірмей шешуді сұрап, үндеу жолдайды», - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Денсаулық сақтау министрі мен Бас прокурорына халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесімен үндеу салған еді.

Соңғы жаңалықтар