Оманда автобус апатынан 18 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оманда автобус, жүк көлігі және жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, тағы 14-і зардап шекті, деп хабарлады сейсенбі күні Associated Press агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Жол-көлік апаты елдің солтүстігіндегі Ибри және Фахуд қалаларын қосып отырған күре жолда орын алған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметтерінше, құрбандардың арасында бірнеше шетелдік азамат бар.

Соңғы жаңалықтар