+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Оман Қазақстаннан ет өнімдерін сатып алмақ

2019 жылғы 16 қыркүйек 15:37
Бөлісіңіз:
Оман Қазақстаннан ет өнімдерін сатып алмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Омандағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәлі Маскат қаласында сол елдің Ауыл шаруашылығы және балық ресурстары министрі Хамад әл Ауфимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда тартылған құс етін заңсыз тасымалдаған жүк көлігі ұсталды Қазақстанда ет экспорты қай көлемге жеткізіледі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Оманның агроөнеркәсіптік кәсіпорындары арасындағы серіктестіктің жанданып келе жатқандығы айтылды. Оман тарапы дәнді дақылдар мен ет өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ теңіз өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі. Екіжақты ынтымақтастықты жандандыру үшін Оман тарапы екі елдің ауыл шаруашылығы мекемелері басшыларының сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.

Сонымен қатар екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мақсатында логистикамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, Қазақстан - Түрікменстан - Иран теміржол желісінің, сондай-ақ Иран, Қазақстан, Оман, Түрікменстан және Өзбекстан мүше Халықаралық транзиттік көлік дәлізінің (Ашхабад келісімі) әлеуеті атап өтілді. Тараптар көлік байланыстарын дамыту бойынша бірлескен іс-әрекетті жандандыру қажеттігіне назар аударды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мал шаруашылығы, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT