Оман бұғазында екі мұнай танкері шабуылға ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 маусым, бейсенбі күні Оман бұғазында екі мұнай кемесі шабуылға ұшырады. Бұл туралы Press TV телеарнасы хабарлады.

Ирандық БАҚ кемелер жүрген аймақтан жарылыстың даусын естігенін мәлім етті. Пәкістан мен Оманның теңіз айлақтары танкерлердің шабуылына ұшыраған экипаждардан апат сигналын алған.

Мұнай танкеріне торпеда жіберілген, ал тағы бір танкер магнитті мина жарылысынан зақымдалған. Екі кеме де жанып жатыр, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Журналистердің ақпараты бойынша, торпеда Front Altai атты жанып жатқан танкерге дәл тиген. Екінші кеме Kokuka Courageous деп аталады. Кемелердің бірі Норвегияға тиесілі екені белгілі болып отыр.

Құрбандар мен зардап шегушілер туралы ақпарат әзірге түспеді.

Фото: REUTERS

Соңғы жаңалықтар