Олжас Сыдықбек Elorda Aqparat ЖШС директоры болып тағайындалды
2022 жылғы 4 шілде 19:53

Олжас Сыдықбек Elorda Aqparat ЖШС директоры болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олжас Сыдықбек «Elorda Aqparat» медиахолдингін басқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыдықбек Олжас Дәуренұлы 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетін «Режиссерлік» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әртүрлі жылдары Қазақ радиосында, телеарналарда жұмыс істеген.

«Қазақстан» республикалық телерадиокешені» АҚ бөлім бастығы, Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік жұмысы орталығының басшысы қызметтерін атқарған.

Бұған дейін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония бас директорының орынбасары болған.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болған Ерлан Қарабалаев мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.

Фото: Сұлтан Сейіт
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT