Олжас Сүлейменовтың немересі Астанадағы жол апатында мерт болды
2018 жылғы 24 маусым 10:56

Олжас Сүлейменовтың немересі Астанадағы жол апатында мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы жан түршігерлік жол апатында Олжас Сүлейменовтың 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл хабарды марқұмның туыстары растады және жол-көлік апатының куәгерлеріне іздеу салды.

Олардың айтуынша, апат 22 маусым күні Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған. Мотоцикл тізгіндеген Ескендірді белгісіз көлік қаққан.

Ескендірдің туыстары жол-көлік апаты туралы қандай да бір ақпаратқа ие куәгерлерді +7 701 44 44 134, +7 701 551 82 22 немесе +7 701 981 78 81 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Jańalyqtar

MURAǴAT