Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Олжас Сүлейменовтің немересін көлігімен мерт қылған қыз мас болмаған - ІІД

2018 жылғы 28 маусым 15:48 487
Бөлісіңіз:
Олжас Сүлейменовтің немересін көлігімен мерт қылған қыз мас болмаған - ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаментінде 26 жастағы Ескендір Сүлейменов мерт болған жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Белгілі болғандай, 1989 жылғы жүргізуші Мұхитова Hyundai автокөлігімен Мәңгілік ел көшесінде келе жатқан. Сол жаққа бұрылу кезінде ҚР жол ережесінің 13,5 пунктін бұза отырып, 1991 жылғы жүргізуші Сүлейменов айдап келе жатқан Ducatti Streetfighter маркалы мотоциклмен соқтығысқан. Дене жарақатынан Ескендір Сүлейменов көз жұмды. Өлімге әкеп соққан аталған жол-көлік оқиғасы сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді», - деді бүгінгі баспасөз мәслихатында департамент бастығының орынбасары Санжар Әділов.

Жүргізуші Мұхитова жол апатынан кейін оқиға орнында болған.

«Барлық бастапқы тергеу амалдары оның қатысуымен өтті. Жүргізушіге қатысы алкогольге және есірткіге медициналық куәландыру жүргізілді. Куәландыру қорытындысы есірткілік, алкогольдік немесе психотроптық заттардың табылмағанын көрсетті. Олардың бәрі іс материалдарында бекітілді», - дейді ол.

«Дәл сол күні біз Мұхитовадан күдікті ретінде жауап алдық. Онымен бірге, қылмыстық іс бойынша тергеу басталғаннан кейін-ақ (...) жедел жәрдем көлігінің қызметкерлерінен, көрген куәгерлерден және оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлерінен жауап алынды», - дейді ол.

Мұхитованың қылмысы қылмыстың ауыр түріне жатпайтындықтан, №2 Есіл аудандық соты Мұхитоваға қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын қабылдады. Кепіл сомасы - 601 250 теңге.

Астанадағы жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT