Олжас Сүлейменовтің немересін көлігімен қаққан жүргізуші ІІД бастығының қызы болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі - Ескендір Сүлейменовті көлігімен қағып өлтірген жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің бастығының қызы екенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұхитованың әкесі ішкі істер органында еңбек ететінін, Қызылорда облыстық ІІД бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов екенін растаймыз», - деді қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында департамент бастығының орынбасары Санжар Әділов.

Айта кетсек, Санжар Әділов күдікті жүргізушіге қатысты кепіл ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлаған болатын. Кепіл сомасы - 601 250 теңге. Сондай-ақ жол апаты кезінде оның рульде мас күйінде болмағаны атап өтілді. 

22 маусым күні Астанада жол апатынан Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар