Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрады. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия «Қазақстанның халық конгрессі» деп аталады. Тіркеуден өту үшін Әділет министрлігіне құжаттарды жібердік», - деді Олжас Сүлейменов.

Сонымен қатар ол жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін, әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажеттігін атап өтті.

«Біз диалог алаңын құрдық. Оған әрбір қоғам мүшесін шақырамыз. Қуатты Қазақстанды дамытатын және оны жүзеге асыратын бағдарлама дайындадық. Мақсат — кемшіліктерді сараптап, оған қажетті қадамдар жасау»,- деді ол.

Оның айтуынша, 1995 жылы жабылып қалған «Қазақстан халық конгресі» партиясы қайта жанданды.

«Мен бүгін осы партияның негізін қалаушы ретінде қол қойдым. Ол 1992 жылы құрылған болатын. Араға 30 жыл салып партия қайта жанданып жатыр. Оған кез келген адам мүше бола алады. Тіркелу үшін 1000 қол жинадық, тағы 25 мың өтініш бар», – дейді ақын.


Соңғы жаңалықтар