Олжас Искаков Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды

None
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Искаков Олжас Ермекұлы келді.

Олжас Искаков 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі», Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандықтары бойынша бітірген. Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент магистрі. Бүгінгі күні Алматы менеджмент университетінде докторантура бойынша өз білімін жетілдіруде.

Еңбек жолын 2013 жылы № 3 қалалық емханада учаскелік дәрігер болып бастап, 2018 жылға дейін осы емханада бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2018-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылдан осы кезге дейін Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар