Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«3 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Олжас Әбішевке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген елорда соты баспасөз қызметінің мәліметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынғанын растады. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді.
Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.
- Шетелден ұшып келген тағы 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
- Стационарларда коронавируспен 6145 науқас жатыр – министрлік
- Сот Статидің Қазақстанға қарсы азаматтық ісін тоқтатты
- Шетелден ұшып келген тағы 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
-
Көшеде азаматтарға маскасыз жүргені үшін айыппұл салған дұрыс па
-
Құқық қорғау органдарының жұмысын барынша өзгерту қажет - Президент
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам