Olympic Channel Денис Тен жайында фильм түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Olympic Channel Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Қазақстанды мәнерлеп сырғанаушы Денис тен жайындық деректі фильмін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денис Тен Инстаграмдағы парақшасында бұл фильмнің Game Breakers көпсериялы жобасы аясында шығарылғандығын атап өткен. Фильмнің алғашқы эпизодында спортшының өмірі жайында сыр шертіліп, Денис Теннің мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атын шығарғандығы сөз болады.

«Мұз айдынына алғаш рет шыққанымда мәнерлеп сырғанумен айналысу ойымда да болған емес. Бізде мұз айдыны да, коньки сатып алатын жер де болған жоқ. Шамамен 9 жасыма дейін кәсіби спорттық құрал-жабдықтар да болған емес. 5 жасымда менен мәнерлеп сырғанау әлде музыка ұнай ма деп сұрады. Мен мәнерлеп сырғанау деп жауап бердім. Бұл шынымен ләззат алатын, жан-тәніммен сүйетін ісім», - деді спортшы.

Оның айтуынша, 9 жасында анасы Сібірде өтетін жарысты естіп сонда апарған.

«Мен жеңіске жеттім. Мені ешкім де білмейтін. Әрине, Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау туралы да ешкім білген жоқ. Сол кезде мәнерлеп сырғанау менің жұмысым емес, өзім екендігін ұғындым», - деді Денис Тен.

Спортшының атап өтуінше, Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу барынша маңызды.

«Кореяда өнер көрсету қойылымымды ұсынудың мүмкіншілігі. Менің арғы аталарым Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен генералдардың бірі болған. Ол мен жайында не ойлар еді, мақтанар ма еді? Сондықтан мен үшін бұл айрықша қатысу болмақ. Кореяға ерекше бағдарлама әкелетін боламын», - деді Денис.

Соңғы жаңалықтар