+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Өлтіріп, денесін жертөлеге жасырған: Ақмолалық тұрғын 9 жылға сотталды

2020 жылғы 28 қыркүйек 22:07
Бөлісіңіз:
Өлтіріп, денесін жертөлеге жасырған: Ақмолалық тұрғын 9 жылға сотталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының 35 жастағы тұрғыны бірге тұратын әйелді қызғаныштан өлтіріп, денесін жертөлеге жасырған. Кейін кейін ұрлық жасаған 9 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, Атбасардың 35 жастағы тұрғыны үйінде спирттік ішімдік ішкен. Кейін бірге тұрып жатқан әйел көзіне шөп салғандығын есіне түсіріп, жанжал шығарған. Жатын бөлмедегі әйелді бауыр тұсынан жұдырығымен ұрған. Еденге құлаған оны бетінен және басынан ұруды жалғастырған. Әйел қарсылық танытпай, қимылсыз қалған кезде үйінен кетіп қалған.

«Келесі күні қайтып келгенде әйелдің өлгенін байқаған ол, оның денесін сарайдағы жертөлеге тастап, оқиға орнынан із суытқан», - дейді ведомстводан.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, әйел соққыдан алған бассүйек-мидың жабық жарақатынан, мидың ісінуінен көз жұмған.

Ведомстводан атап өткендей, полицияға әйелдің үшті-күйлі жоқ болып кеткендігі туралы ешкім арыз бермеген. Бұл қылмыс ер адам жасаған тағы бір қылмыстан кейін әшкере болды. Күдікті көрші үйге түсіп, металл ыдыстар мен қысқа дайындалған тағамдарды ұрлаған.

Сот үкімімен күдікті «Абайсызда адам өліміне алып келген денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «Тұрғын үйге кіріп, бөтеннің мүлкін ұрлау» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT