«Өлмес полк» қатарлары Тараз көшелерімен жүріп өтті (ФОТО)

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Кеше «Оңтүстік» Аймақтық қолбасшылығы мен «Өлмес полк» әскери қызметкерлері облыс орталығының көшелерінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған марш-парадқа қатысты.

Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Бірінші колонна Жеңіс күнінің қарсаңында атақты мерген Ы.Сүлейменовке арналып ашылған ескерткіштен Тұңғыш Президент саябағына дейін жүрді.

Екінші колонна шайқаста жаудың амбразурасын өз кеудесімен жапқан Ағаділ Сұхамбаевқа арналған ескерткіштен бастап Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына дейін саппен жүрді.

Сондай-ақ «Өлмес полктің» шеруіне қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әжелерінің портреттерін ұстаған жүздеген тараздық оқушылар қатысты.

Түңғыш Президент саябағында «Оңтүстік» Аймақтық әскери қолбасшылығының көркемөнерпаздар күштерімен Отан қорғаушысы күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Соғыс жылдарының әндері мен өлеңдері шырқалды.

Соңғы жаңалықтар