Өлкетанушы Абайға қатысы бар Семейдегі үйді көрсетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейлік өлкетанушы Шафкат Файзуллин татар өлкесінде ұлы ойшыл Абайдың өзі тоқтаған үйді көрсетіп, ол жайында баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ш.Файзуллин Абайдың Семейдегі губернатордың қабылдауына барғанда аудармашы, орыс тілін жақсы меңгерген тегі Жиналиев делінген Алтай қазағымен танысқанын айтады. Танысқаннан кейінгі біраз әңгіме барысында Абай оның Ертіс жағалауында орналасқан үйіне түсу туралы шешім қабылдайды.

«Мен осы өлкедегі татарлар туралы көп материал жинаған едім. Сондай кезекті бір іздену барысында Жиналиевтің немере қызымен таныстым, ол маған Абай туралы, оның осы үйге түскені туралы айтып берді. Осы Татар өлкесінде Жиналиевтердің атасы тұратын. Сол үйдегі үлкен әжесіне Абайдың фотосуретін көрсеткен екен, әжесі оның Ибраһим екенін, солардың үйінде қонып шыққанын айтты. Басқа егжей-тегжейлерін біле бермеймін. Жиналиевтің немере қызы қайтыс болған», - деп атап өтті өлкетанушы.


Айта кетерлігі, кезінде Абайдың өзі тұрақтаған, қонақта болып шыққан делінген үй Чайжүнісов көшесінде әлі күнге дейін сақталып қалған екен. Өлкентанушы ҚазАқпарат тілшісіне бұл үйді көрсетті. Бірқабатты бөренеден салынған үй екен.

Ш.Файзуллинның айтуынша, әлгі аудармашының Ғани есімді ұлы болған екен. Ол сол кезде мал сатумен айналысқан дегенді де алға тартады.

Айта кетсек, Абай мұражай үйі бұл фактіні теріске шығарған жоқ. Дегенмен, растай алмайтындарын да айтады.

Еске сала кетсек, Семей қаласында «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражай үйі бар. Бұл үй 1898 жылы Әнияр Молдабаевтікі болған. Оған бұл үйді сатып алуға Абайдың өзі көмектесіп, кейін онда көп рет тоқтаған екен.


Соңғы жаңалықтар