+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

«Өлкетану» жобасы аясында 100-ден аса туынды жазылды - Ұлықбек Есдәулет

2020 жылғы 5 ақпан 21:06
Бөлісіңіз:
«Өлкетану» жобасы аясында 100-ден аса туынды жазылды - Ұлықбек Есдәулет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының нәтижесіне қатысты брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көрісу мерекесінің тәрбиелік мән-маңызы да ерекше – тарихшы Саялбек Ғиззатов Шымкентте алғаш рет «Көрпе fest» мегафестивалі өтуде «Өзгерістердің саруарлары» байқауына өтініш қабылдау аяқталды

«Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басталғанына 3 жыл болады. Бұл 3 жыл әдебиетіміз бен мәдениетімізге құбылыс, серпіліс әкелген кезең деп айтуға болады. «Рухани жаңғырудың» арқасында мәдениетімізді насихаттауға арналған жоба - қазіргі заманғы үздік антология шығармаларымыз БҰҰ-ның алты тіліне аударылды. Осы айдың соңына дейін Алматы қаласында сол алты томдық кітаптың тұсауы кесіледі деп жоспарлап отырмыз, -дейді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет.

Ол кітапты аударуға алты елдің ең озық аудармашылары тартылғанын айтты.

Сондай-ақ, ол Ұлттық аударма бюросы қазір Абайдың шығармаларын 10 тілге аударумен айналыса бастағанын айтты.

«Бұл да «Рухани жаңғырудың» жақсылығы деп айтуға болады. Ауылда туған ақын-жазушы астанаға ұмтылады. Астанаға орнығып алғаннан кейін өзінің туған ауылына қолы жетпей, ауылы туралы жазып келуге мүмкіндігі болмай жүреді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқасында біздің жазушылар «Өлкетану» деген жоба арқылы ел-жер аралап, өлкетану бағытындағы 110 шығарма жазды. Олар қазір сараптамадан өтіп, жуық арада оқырмандардың қолына тиеді. Бұл жобаның жалғасы болады», - деді Ұлықбек Есдәулет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Рухани жаңғыру,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT