Олимпиаданың қола жүлдегері 5 жылдан соң шаршы алаңға қайта оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының күмісі мен қола медалін иеленген Марина Вольнова араға біраз үзіліс салып, үлкен боксқа қайта оралды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Отандық боксшы бүгін Шымкентте басталатын Қазақстан Спартакиадасында бақ сынап көрмек

«Араға бес жылдай уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралдым. Бұл шешімімді жолдасым, ата-енем, әкем, барлығы қолдады. Командаға қайта қосылатынымды естіген боксшы қыздар да лебіздерін аямай жатыр. null

Бұрын 75 келіде бақ сынағанмын. Енді 69 келіде жұдырықтасып көремін. Шыны керек, үш жарым жыл бойы ешқандай жаттығу жасамадым. Тіпті, жүгірген жоқпын да... Уақыт өте келе, бокстың маған қажет екенін түсіндім. Әлі шамам бар, сондықтан, өзімді қайрап, сынап көрмекпін.

Қазақстан Спартакиадасына Нұр-Сұлтан атынан қатысамын. Өзім де елорда тұрғынымын. Бәрін осы жарыс көрсетеді енді. Қазір менің салмағымда бәсекелестік жоғары деңгейде. Жас боксшылар өте көп. Мен өз тәжірибем көмекке келер деген ойдамын. Егер бәрі сәтімен болса, әрі қарай құрама командаға өтсем деген тілек бар», - дейді Марина Вольнова.

Соңғы жаңалықтар