Олимпиаданың бүгінгі жарыстарын 2 телеарна тікелей эфирден көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыстарын екі телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен, атап айтсақ шаңғы және коньки спортынан сынға түседі.

Шаңғы жарыстарын «Qazaqstan» телеарнасы көрсетсе, коньки жарыстарын «Хабар» арнасынан тамашалауға болады.

Тікелей эфир уақыты:

«Qazaqstan» телеарнасы

12:00. Шаңғы жарысы 50 шақырымға масс-старт.

Евгений Величко

«Хабар» арнасы:

13:00. Конькиден жүгіру спорты. Масс-старт

Надежда Морозова, Дмитрий Морозов

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.


Соңғы жаңалықтар