Олимпиадалық іріктеу турнирі: Төртінші қазақстандық боксшы финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына 4 қазақстандық боксшы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ боксшылары арасынан 81 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Бекзат Нұрдәулетов төртінші боксшы болып финалға өтті.

Ол жартылай финалда иорданиялық Ода Әл Хиндавимен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бекзат лицензиялық турнирде финалға жолдама алған төртінші қазақстандық боксшы атанып отыр. Бұған дейін Зәкір Сафиуллин (63 келі), Василий Левит (91 келі) және Әбілхан Аманқұл (75 келі) ақтық сынға өткен болатын.

Бүгін, сондай-ақ әйелдер боксынан Надежда Рябец (75 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Серік Теміржанов (57 келі) аталған турнирдің қола жүлдегері атанды.


Соңғы жаңалықтар