Олимпиадалық іріктеу турнирі: Боксшы Валентина Хальзова қарсыласынан ұтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер боксынан Валентина Хальзова ширек финалда қарсыласынан ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

69 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан боксшымыз Хальзова ширек финалда қытайлық Хон Гуданға жол беріп, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды. Өкінішке қарай, Хальзова осы ширек финалда жеңіске жеткенде Олипиада жолдамасына иелік етер еді. Бұл Ерік Алғабек жаттықтыратын қыздар командасынан Олимпиада жолдамасынан тыс қалған төртінші боксшы.

Естеріңізде болса, Валентина Хальзова алғашқы айқасында Оңтүстік Корея өкілі Сюён Чоиға қарсы шығып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңімпаз атанған болатын.

Осылайша, Қазақстан әйелдер командасы сапында жолдамаға таласатын жалғыз боксшы қалды. Ол 75 келіге дейінгі салмақтағы Надежда Рябец.

Соңғы жаңалықтар