Олимпиадаға іріктеу турнирі: Серік Теміржанов Ирак боксшысын сүріндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Серік Теміржанов та алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

57 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Теміржанов бірінші айқасын Ирактан келген боксшыға қарсы өткізді. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп тапты.

Осылайша Ғалымбек Кенжебаев баптайтын ұлттық құрама боксшыларынан шаршы алаңға шыққан 6 боксшы да алғашқы қарсыластарынан басым түсіп, келесі сатыға өтті. Олар әзірге жеңіліссіз келе жатыр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, ерлер арасынан шаршы алаңға бірінші болып шыққан 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин, екінші рет шаршы алаңға көтерілген 81 келі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов және қазақстандықтар сапынан ерлер арасында үшінші болып айқасын өткізген 75 келі салмақтағы Әбілхан Аманқұл, 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов және 52 келі салмақта Сәкен Бибосыновтар алғашқы айқасын жеңіспен бастағаны туралы жазған болатынбыз .

Жалпы, бұл Амман қаласында өтіп жатқан олимпиадалық іріктеу турниріне бас бапкер Кенжебаев 8 боксшыға үміт артып алып келген болатын.

Олар 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 57 келіде Серік Теміржанов, 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Бекзад Нұрдәулетов, 91 келі салмақта Василий Левит және аса ауыр салмақта (+91) Қамшыбек Қоңқабаев бар.

Енді, ерлер құрамасынан олимпиадалық іріктеу турниінде әлі шаршы алаңға шықпаған екі боксшымыз қалды. Олар: 91 келі салмақтағы Василий Левит пен ауыр салмақтағы (+91) Қамшыбек Қоңқабаев.


Соңғы жаңалықтар