Олимпиадаға іріктеу турнирі: Надежда Рябец бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер боксынан тағы бір қазақстандық спортшы кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

75 келіде ел намысын қорғап жатқан қазақстандық боксшы Надежда Рябец бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Навбахор Хамидовамен жұдырықтасты.

Аса тартысты өткен айқастың бірінші раундында өзбекстандық қыз басымдық танытқан болатын. Алайда, екінші руандтан бастап Надежда қарсыласын шабуылдың астына алып, жеңіп шықты.

Ерік Алғабек жаттықтыратын қыздар командасынан Олимпиадалық салмақта іріктеу турниріне барлығы 5 боксшы келген болатын. Әзірге оның екеуі жеңіліс тауып, екеуі алғашқы айқастарын жеңіспен бастады.

Осыдан шамалы уақыт бұрын 69 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз алғашқы айқасын Оңтүстік Корея өкілі Сюён Чоиға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткені туралы жазған едік.

Естеріңізге сала кетсек, лицензия үшін таласты бірінші болып бастаған Дәметкен Келімбет (57 келі) қытайлық Инь Юнхуаға жол берсе, Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Симранджиткаур Бааттан жеңілді.

Айта кетейік, енді санаулы минуттардан кейін тағы бір қазақстанды боксшы ару. сондай-ақ, ерлер арасында 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға шығады.

Әйелдер боксынан 51 келіде Ангелина Лукас, 57 келіде Дәметкен Келімбет шаршы алаңға шығады. 60 келі салмақта Римма Волосенко, 69 келіде Валентина Хальзова сынға түссе, 75 келі салмақта Надежда Рябец жұдырықтасады.


Соңғы жаңалықтар