Олимпиадаға іріктеу турнирі: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Амманда бокстан Океания/Азия құрлықтық іріктеу турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, жеребе нәтижесіне сәйкес қазақстандық боксшылар жарысты 4 наурыз күні бастамақ.

Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары:

4 наурыз

57 келі: Дәметкен Келімбет - Инь Юньхуа (Қытай)

60 келі: Римма Волосенко - Бац Симранжит Каур (Үндістан)

5 наурыз

63 келі: Зәкір Сафиуллин - Карауи Хайдер (Ирак)/Шан Жун (Қытай) жұбының жеңімпазы

75 келі: Әбілхан Аманқұл - Ким Жинжея (Оңтүстік Корея)/Бахтиор Мирзомухаммад (Тәжікстан) жұбының жеңімпазы

81 келі: Бекзат Нұрдәулетов - Памбеллоне (Жаңа Зеландия)/Умемура Рен (Жапония) жұбының жеңімпазы

6 наурыз

69 келі: Абылайхан Жүсіпов - Баттумур (Моңғолия)/Зарумалингам (Катар) жұбының жеңімпазы

69 келі: Валентина Халзова - Сюён Чои (Оңтүстік Корея)

75 келі: Надежда Рябец - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

7 наурыз

52 келі: Сәкен Бибосынов - Танака Риоми (Жапония)/Азат Үсеналиев (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы

57 келі: Серік Теміржанов - Әл-Судани (Ирак)

51 келі: Ангелина Лукас - Ютамас Йитронг (Тайпей)

8 наурыз

91 келі: Василий Левит - Давлат Болтаев (Тәжікстан)/Сандажсурен (Моңғолия)

91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев - Рамезанпаурделвари (Иран)/Айхемайти (Қытай) жұбының жеңімпазы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио Олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынатын жарыстың алауы тұтанды.


Соңғы жаңалықтар