Олимпиадаға іріктеу турнирі: Қазақстан боксшыларының 1/2 финалдағы қарсыластары кімдер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалында Әбілхан Аманқұл Қытайда тұратын қандасымен жұдырықтасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін яғни 10 наурыз күні Қазақстан сапынан 8 боксшы жартылай финалдық жекпе-жекке шығады. Жерлестеріміздің қарсыластары төмендегідей:

Күндізгі сессия, 15:00

Ерлер

63 келі

Закир Сафиуллин (Қазақстан) - Обада Мохаммед Мустафа Алкасбех (Иордания)

69 келі

Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Викаш Киршан (Үндістан)

91 келі

Василий Левит (Қазақстан) - Хусейн Ишайш (Иордания)

Кешкі сессия, 21:00

Әйелдер

75 келі

Надежда Рябец (Қазақстан) - Кэйтлин Паркер (Австралия)

Ерлер

57 келі

Серік Теміржанов (Қазақстан) - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан)

75 келі

Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - Таңатхан Тоқтарбек (Қытай)

81 келі

Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Одай Альхиндави (Иордания)

+91 келі

Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Хуни Әділет (Австралия).

Айта кетейік, жоғарыда аты аталған боксшылардың барлығы Олимпида жолдамасына иелік еткен болатын. Енді, олар турнирдің алтын медальдары үшін шаршы алаңға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайда тұратын қандасымыз Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алғаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар