Олимпиадаға іріктеу турнирі: Қазақ боксшылары финалда кімдермен сынға түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі өз мәресіне жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір аптадан артық уақытқа созылған Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған турнирдің бүгін соңғы күні. Кеше жартылай финалдық бәсекелер толығымен аяқталып, финалистер белгілі болды. Олардың қатарында 4 қазақстандық былғары қолғап шебері бар.

Атап айтсақ, финалға 63 келі салмақта Закир Сафиуллин, 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдаулетов және 91 келі салмақта Василий Левит өткен болатын. Бүгін аталған төрт боксшымыз алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.

Закир Сафиуллиннің финалдағы қарсыласы өзбек боксшысы Эльнур Абдураимов, болса, Әбілхан Аманқұл филиппиндік Эумир Марсьяльмен жұдырықтасады.

Ал 81 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетовпен австралиялық боксшы Пауло Аокусо қолғап түйістіреді. Төртінші боксшымыз Василий Левит Жаңа Зеландия өкілі Дэвид Никамен алтынды сарапқа салады.


Соңғы жаңалықтар