Олимпиадаға іріктеу турнирі: Бүгін жартылай финалда 8 боксшымыз жұдырықтасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалында сегіз боксшымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, яғни 10 наурыз күні Нұрсұлтан уақытымен күндізгі сессияда жұдырықтасатын боксшылар жарысты 15:00-де бастайды.

Атап айтар болсақ, күндізгі сессияда үш боксшымыз - Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов және Василий Левит шаршы алаңға шығады.

Ал кешкі сессия астана уақытымен 21:00-де басталады. Онда ерлерден төрт боксшымыз, ал, әйелдер құрамасынан боксшы жалпы 5 боксшымыз сынға түседі.

Нақтырақ айтса, әйелдер боксынан Надежда Рябец, ерлерден Серік Теміржанов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдаулетов және Қамшыбек Қоңқабаев финалдық бәсекелерді сарапқа салады.

Аты аталған барлық боксшыларымыз Токио Олимпиадасының жолдамаларын жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар