Олимпиадаға іріктеу: Алмат Кебіспаев ширек финалға өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Алмат Кебіспаев ширек финалға жолдама алды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта белдесетін Кебіспаев 1/8 айналымда түркиялық Энес Башармен кездескен болатын. Бірінші кезеңде 2:0 есебімен алға шыққан Алмат екінші кезеңді есепте 5:0-ге жеткізіп, кейін қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Енді ширек финалда қазақстандық балуан франциялық Мамадасса Силламен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар