+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Олимпиадаға дейін алынған допинг-сынама 10 жылға дейін сақталады - WADA

2019 жылғы 6 қараша 16:18
Бөлісіңіз:
Олимпиадаға дейін алынған допинг-сынама 10 жылға дейін сақталады - WADA

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов бастаған қазақстандық делегация Катовицеде WADA ұйымының бас директоры Оливьер Ниггле және WADA-ның Азия өңіріндегі кеңсесінің басшысы Казухиро Хайашимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Допинг қолданған 7 зілтемірші екі жыл бойы жарыстарға қатыса алмайды Мерей Ақшалов спорт жолын таңдаған жастарды адал болуға шақырды Спортшылар дәрі-дәрмек қабылдағанда өте мұқият болуы керек - бапкер

Дене шынықтыру және спорт комитетінен мәлім еткендей, кездесу спорттағы допинг мәселелеріне арналған V Бүкіләлемдік Допингке қарсы конференция аясында өтті. Қазақстандық тарап допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін арттыру сұрақтарын қамтитын заң жобасы туралы кеңінен айтып берді. Өз кезегінде Ниггле мырза Қазақстан Үкіметінің аталған бағытта қолға алып жатқан реформаларын жоғары бағалап, болашақта допингпен күрес мәселесінде ынтымақтастықтың нығаятынына сенім білдірген.


Айта кетсек, дене шынықтыру және спортқа қатысты заң жобасы Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданып, СҚР Парламенті Сенатының қарауына жіберілген болатын.

Өз кезегінде, Казухиро Хайаши допинг-сынамалардың сақталуы жүйесінің реформаланып жатқанын айта кетті.

«Олимпиада ойындарына дейін алынған допинг-сынама болашақта 10 жыл сақталады. Бұл допинг-сынамаларды сақтау мен оларды қайтадан сараптамадан өткізудің жаһандық бағдарламасы болмақ»,- дейді Хайаши.

Сонымен қатар, қос тарап допингке қарсы кодекс пен халықаралық допингке қарсы стандарттардың қайта қаралу процесін талқылады. Жаңа халықаралық стандартқа сүйенсек, қандай да бір елдің допингке қарсы агенттігі халықаралық кодекске сай келмейтін болса, сол елдің спортшысы жарыстан шеттетіледі. Оның қатарында Олимпиада ойындары да бар.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында WADA ұйымы допингке қарсы кодекс пен халықаралық допингке қарсы стандарттарды қайта қарау процесін бастаған болатын. Содан бері 2000 түзетулер өңделіп, өзгеріске ұшыраған құжатты әлемдік заңгерлер сараптаудан өткізген. 2017 жылдан бері қаралып келе жатқан өзгерістер Польшадаға конференцияның да басты тақырыптарының бірі болмақ.

5 қарашада Польшаның Катовице қаласында спорттағы допинг мәселелеріне арналған V Бүкіләлемдік Допингке қарсы конференция басталды. Аталған жиынға бүкіл әлемнен 1000-нан астам делегат қатысып жатыр. Күн тәртібінде – допингпен күрес мәселесі. Сондай-ақ, конференция барысында Польшаның спорт және туризм министрі Витольд Банька Бүкіләлемдік Допингке қарсы Агенттік ұйымының (WADA) басшысына тағайындалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT