Олимпиададан кейін бокс бапкерлері жұмыстан кете ме – Комитет жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан ұлттық құрама бапкерлері Олимпиададағы сәтсіздіктері үшін жұмыстан кете ме? Бұл сұраққа Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде әр Олимпиада ойындарынан кейін спорт саласындағы кеңейтілген отырыс өтеді. Оған Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық Олимпиада комитеті мен федерациялардың өкілдері қатысады. Онда жіберген қателіктерімізге талдау жүргізіліп, қорытынды жасалады. Тиісінше шешімдер қабылданады. Осы Олимпиада біткен соң да кеңейтілген отырыс ұйымдастырылады, онда бас бапкерлер мен жетекшілерге қатысты маңызды шешімдер қабылданады. Әзірге осындай қадамдар ғана бар. Құрылымдық өзгерістер туралы Олимпиада ойындары біткен соң ғана айта аламыз», - деді Серік Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Мықтыбек Маратбек боксшылардың сәтсіздігіне пандемия әсер етті деген болатын.

Сонымен бірге, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Олимпиадада қалған төрт боксшының төртеуі де медаль әкелуі мүмкін деген болжам жасады.



Соңғы жаңалықтар