Олимпиададағы боксшылар сәтсіздігіне пандемия әсер етті - Қазақстан бокс федерациясы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Мықтыбек Маратбек Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы сәтсіздігіне не әсер еткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, олимпиадалық жарыстарды боксшыларымыз сәтсіз бастады. Олардың дайындалуы үшін Спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті тарапынан материалдық жағынан, жабдық жағынан бәрі жасалды. Өкінішке қарай, пандемия өз әсерін тигізуде. Спортшылар үйде оқшаулауда отырды, жабық базаларда дайындалды. Шетелдерге шыққанда жарысқа дейін 4-5 күн карантинде отырған кездері болды. Бұл әсерін тигізбей қоймады деп ойлаймын. Сондықтан, оларды сынай беруге де болмайды. Әлі де болса, екінші топ спортшыларымыз ойын көрсетеді, солардан жақсы нәтижелер күтеміз», - деді Марат Мықтыбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Токиодағы Олимпиадада Қазақстан құрамасында спорттың 28 түрінен 97 жолдама болған еді. Әзірге Қазақстан қоржынында үш «қола» медаль бар. Оларды дзюдошы Елдос Сметов және ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло жеңіп алды.

«Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары, АИБА Халықаралық федерациясы комиссиясының мүшесі Ермахан Ыбырайымов Токио Олимпиадасын жеңілген боксшыларымыздың ойынына талдау жасады. Оның айтуынша, Василий Левиттің жеңілуіне төреші кінәлі, ал Абылайхан Жүсіпов пен Бекзат Нұрдәулетов жауапкершілікті көтере алмады.

Сонымен бірге, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Олимпиадада қалған төрт боксшының төртеуі де медаль әкелуі мүмкін деген болжам жасады.



Соңғы жаңалықтар