Олимпиада жүлдегерлері жаңа автокөлік алады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясынан жаңа автокөлік алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токиодағы Олимпиаданың қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны жаңа «Tоyota Camry» автокөліктерімен марапаттайды, сонымен қатар құраманың бас бапкері ақшалай ынталандырылады. Автокөліктердің кілтін жақын арада Нұр-Сұлтанда ҚР Ауыр атлетика федерациясынң президенті Жанат Түсіпбеков табыстайды», - делінген ҚР ААФ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Токиодағы Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 килограмға дейінгі, ал Зульфия Чиншанло 55 килограмға дейінгі салмақта үшінші болып, «қола» алды.

28 шілде күні спортшылар Қазақстанға оралды, оларды Алматы әуежайында салтанатты түрде күтіп алды. Құрмет көрсету рәсіміне атлеттердің жақындары мен туыстары, олармен қоса Ауыр атлетика федерациясының және Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, жанкүйерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.


Соңғы жаңалықтар