Олимпиада жүлдегерінің қазасы: Шымкенттіктер Мұз сарайының алдында жиналды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттіктер қайғылы оқиға салдарынан ажал құшқан Олимпиада жүлдегері Денис тенді Мұз сарайының алдында еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұз сарайының алдына жиналған жұртшылық Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денистің туған-туысқандарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығын білдірді.

null  Адамдар есімі әлемге танылған Денистің мезгілсіз өлімі оңтүстік жұртшылығының да қабырғасын қайыстырғанын атап өтті. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында жұлдыздай жарқ етіп, небәрі 25 жасында жарық дүниемен қош айтысқан спортшының жетістіктерін атап өтті.   

nullШымкенттік мәнерлеп сырғанау спортшылары болса онымен бірге болған, әңгімелескен сәттерді еске алды. Оның өсіп келе жатқан жас спортшыларға үлгі болғаны айтылды.

Қала тұрғындары еріксіз көздеріне жас алып, оның жарқылдаған бейнесі мәңгі есте қалатынын білдірді.

nullҚазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. 

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

25 жасында өмірі үзілген спортшымен қоштасу рәсімі 21 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Басталуы - сағат 10:00-де. 

 

Соңғы жаңалықтар