Олимпиада жүлдегері ұрланған жылқыларын тапқан полицейлерге алғыс айтты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жоғалған жылқыларын тауып берген жамбылдық полицейлерге үздік қызметі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еркін күрестен қазақстандық балуан, Лондондағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысының полицейлеріне жылқыларының ұрлану дерегін жедел түрде ашқаны үшін бейнежазба арқылы алғысын білдірді.



Айта кетсек, бұған дейін Ақжүрек Таңатаров полицияға белгісіз тұлғалардың Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы жайылымнан 26 бас жылқысының ұрланғаны туралы арызданған болатын.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-1-бабы 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының полицейлері мал ұрлағаны үшін бұрын екі рет сотты болған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар