Олимпиада жүлдегері күрестен әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында әйелдер күресінен Рио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына қола медаль салған Элмира Сыздықова жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

76 келі салмақта сынға түскен Сыздықова қола медаль үшін өткен белдесуде германиялық Алена Роттер Фоктан 0:3 есебімен ұтылып қалды. Ол осылайша өз еліміздегі әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады. Алайда, жерлесіміз жүлделі орындардан көріне алмағанымен, Токио 2020 Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.

Айта кетейік, әйелдер күресінен балуан қыздарымыз Олимпиада ойындарына әзірге дейін екі жолдама жеңіп алды. Осыдан бір күн бұрын 50 келі салмақта тағы бір отандасымыз Валентина Исламова кіші финалда украиналық Оксана Ливачты 5:0 есебімен ұтып, қола медаль иегері атанып қана қоймай, әйелдер арасынан алғашы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.



Соңғы жаңалықтар