Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 17 °С
USD 344.58 EUR 400.51
RUB 5.47 CNY 51.30
Жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг ел чемпионы атанды

2017 жылғы 11 қараша 02:33 2019
Бөлісіңіз:
 Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг ел чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы күні қорытындыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.


Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг ел чемпионы атандыҚР Дзюдо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, айтулы додаға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам спортшы қатысуда.


Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг ел чемпионы атандыАқтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші күнгі финалдық белдесулерді тамашалап, жарыс жеңімпаз-жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.


Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг ел чемпионы атандыБіріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі кезінде Ұлттық олимпиада комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов ҚР Дзюдо федерациясы атынан Ақтөбе облысына татами сыйға тартты.


Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг ел чемпионы атандыСонымен, жұма күні төмендегі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды.

Ерлер:

60 кг

1. Жеңісбек Жақсыбек (Қызылорда облысы)

2. Ғұсман Қырғызбаев (Алматы қаласы)

3. Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)

3. Ержан Еренғайып (Қарағанды облысы)

66 кг

1. Ерлан Серікжанов (ШҚО)

2. Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы)

3. Төлеген Нұрғалиев (ШҚО)

3. Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

Әйелдер:

48 кг

1. Галбадрах Отгонцэцэг (ОҚО)

2. Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)

3. Әйгерім Төреғожина (Қарағанды облысы)

3. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

52 кг

1. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)

2. Жадыра Әміртаева (Жамбыл облысы)

3. Назгүл Елмұратова (ШҚО)

3. Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)

Осылардың ішінде Рио Олимпиадасы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің ел чемпионы атанғандығын атап өткен жөн. Өйткені биылғы жылдың ең маңызды әрі қорытынды жарысында жеңімпаз атанған дзюдошылар ұлттық құрама сапында 2018 жылы ел намысын қорғайтын болады, сондай-ақ Азия мен әлем чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, 11 қараша күні ерлер арасында 60 және 66 кг, әйелдерден 57, 63 және 70 кг салмақтағы дзюдошылар татамиге шығады. 12 қараша күні 90, 100 және +100 кг (ерлер), 78 және +78 кг (әйелдер) салмақ дәрежелері бойынша бабы келісіп, бағы жанғандар анықталады. 13 қараша, соңғы күні командалар ҚР кубогы үшін сынға түспек. 


Басты сөздер: Спорт, Ақтөбе облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат