Олимпиада жүлдегері Екатерина Ларионова өзіне тиесілі пәтерді әлі алған жоқ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Әйелдер күресінен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова өзіне тиесілі бір бөлмелі пәтерді әлі алған жоқ. Бұл туралы оның анасы Наталья Ларионова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы міндетін атқарушы Динара Есенғалиеваның айтуынша, пәтер берудің кешіктірілгені рас. «Бұл мәселе облыс әкімінің бақылауында. Алдағы уақытта беріледі. Бұл тек Батыс Қазақстан облысына тән жағдай емес, елімізде солай болып тұр. Өйткені олимпиада жүлдегерлеріне (чемпионға - 3 бөлмелі, күміс пен қола жүлдегерге сәйкесінше екі және бір бөлмелі пәтер) пәтерге қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Д.Есенғалиева. 

Соңғы жаңалықтар