+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Олимпиада жүлдегері Анна Нұрмұхамбетова допинг қолданғаны үшін 4 жылға жарыстан шеттетілді

2020 жылғы 9 мамыр 07:52
Бөлісіңіз:
Олимпиада жүлдегері Анна Нұрмұхамбетова допинг қолданғаны үшін 4 жылға жарыстан шеттетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірқатар спортшылар допинг қолданғаны үшін спорт жарыстарынан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазақстанның ұлттық антидопинг орталығы бірнеше жыл жарысқа қатыса алмайтын спортшылардың жаңа тізімін ұсынды. Оған сәйкес 2020 жылдың басынан бері 11 атлет допинг қолданғаны үшін жазаға тартылған.

Оның ішінде 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова да бар. Оның сынамасынан Оралтуринабол анаболик стероиды табылған. Ол 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін, яғни 4 жылға жарыстан шеттетілді.

Сонымен қатар шаңғышы Алексей Полтораниннің ісі бойынша шешім қабылданды. Ол да 2019-2023 жылдар аралығында ешбір жарысқа қатыса алмайды.

Допинг қолданған танымал спортшылар арасында жеңіл атлет Любовь Ушакова, тректегі велоспорт шебері Роман Василенков, волейболшы Антон Кузнецов, хоккейші Владислав Никифоров бар. Олар да 2-4 жыл аралығында дисквалификация алды.

Сонымен қатар теннисші Бейбіт Жұқаев, жеңіл атлеттер Александр Безруков, Олеся Задорожная, гимнасшы Гаухар Төлебаева және самбошы Фарух Мирхакимовтың сынамасынан да допинг табылған.



Фото: olympic.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT