Олимпиада жолдамасын иеленген Ділмұхамедов әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 77 келі салмақта Олимпиада 2020 ойындарына жолдама жеңіп алған Асхат Ділмұхамедов жарысты бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түскен балуандар арасында медальдар сарапқа салынды.

Кеше, яғни 16 қыркүйек күні Асхат жартылай финалда мажарстандық Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері Тамаш Лоринцке есе жіберіп, қола медаль үшін белдесу мүмкіндігіне ие болған. Өкінішке қарай бүгін ол медаль үшін таласта өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтан 1:3 есебімен ұтылып жарысты 5-ші орынмен аяқтады.

Осылайша, Асхат Олимпиада ойындарына жолдама алып, әлем чемпионатында үздік бестікке енді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Асхат Ділмұхамедов Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар