Олимпиада жолдамалары бойынша қай облыс көш басында келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасына дәл қазіргі есеп бойынша Алматы облысы 6 жолдама иеленіп, көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, 4 жолдамасы бар Алматы қаласы екінші орында. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары 3 жолдамадан бөліскен.

Облыстар арасында ақтөбеліктердің еншісінде 3 жолдама болса, шығысқазақстандықтарда - екеу.

Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда спортшылары бір-бір жолдамадан иелік еткен.

Қалған өңірлер әзірге Олимпиада ойындарының бірде бір жолдамасын еншілей алмай отыр.

Естеріңізге сала кетейік , осыған дейін қазақ спортшылары Олимпиада ойындарына қанша жолдама жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз https://www.kazinform.kz/kz/tokio-2020-.


Соңғы жаңалықтар