Олимпиада: Үстел теннисінен ҚР командасының үздігі жарыс жолынан шығып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада ойындарында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Герасименко Токиодағы екінші кездесуде германиялық Тим Боллмен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын Кирилл жеңіспен аяқтаған. Алайда, кейінгі үш партияда неміс спортшысының шеберлігі басым болды.

Нәтижесінде, кездесу 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.


Соңғы жаңалықтар