Олимпиада: Үстел теннисінен қазақстандық спортшы іріктеуден өте алмады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үстел теннисінен қазақстандық Анастасия Лаврова қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы испаниялық Мария Сяомен кездесті. Нәтижесінде испаниялық спортшы жалпы есепте 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Анастасия Лаврова турнирдің алғашқы кезеңінде жарысты аяқтады.

Еске салсақ, бүгін дзюдошы Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды.

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.
Соңғы жаңалықтар