Олимпиада: Трамплиннен секіруден сынға түскен спортшыларымыз жарысты аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін үлкен трамплиннен трамплиннен секіруден іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сайыста Қазақстан атынан Даниил Васильев пен Сергей Ткаченко бақ сынады.

Өкінішке қарай, екеуі де келесі кезеңге жолдама алатын 50 спортшының қатарына іліге алмады.

Васильев 69.4 ұпаймен (103 м) 51-орынға ие болса, Ткаченко 54-орынға (60,7 ұпай, 98,5 м) табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық үш бірдей шорт-трекшіміз 500 метр қашықтықтан Бейжің олимпиадасының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар