Олимпиада ойындарындағы тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі қоғамның басты «бас ауруына» айналған әлемдік пандемия Токио төрінде өтетін төртжылдық додаға да салқынын тидіріп, бір жылға кейінге шегерілгенін барлығымыз жақсы білеміз.

Алайда, бұл «індет» спортшыларымыздың сағын сындырып, жігерін жыға алған жоқ. Әр түрлі лицензиялық турнирлер мен біліктілік жарыстарында ел намысын абыроймен қорғады. Пандемияға қарамастан дәл бүгінгі таңға дейін спорттың 28 түрінен 82 жолдама алып үлгерді. Бірақ, бұл көрсеткіш бұрынғы Олимпиада ойындарына жеңіп алған жолдамалар санымен салыстырғанда сәл төмендеу екені анық. Алайда, бұл көрсеткіш әлі де жақсара түседі деген сенімдеміз. Себебі, кейбір спорт түрлерінен спортшыларымыз әлі де лицензиялық турнирлерде бақ сынап жатыр.

Бүгін назарларыңызға Қазақстан спортшылары қай Олимпиада ойындарына қанша спортшы апарып, қанша медаль алып келгенін еске салғанды жөн көріп отырмыз.


Атланта олимпиадасы

Спортшы саны – 94

Спорт түрі – 15

Медаль саны – 11

Командалық есеп – 24

Алтын:

Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі, 57 келі);

Күміс:

Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі), Сергей Беляеев (нысана көздеу, 2 дүркін);

Қола:

Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу).


Сидней олимпиадасы

Спортшы саны – 130

Спорт түрі – 18

Медаль саны – 7

Командалық есеп – 22

Алтын:

Бекзат Саттарханов (бокс, 57 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика);

Күміс:

Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (бокс, +91 келі), Ислам Байрамуков (еркін күрес, 97 келі), Александр Винокуров (велоспорт).


Афина олимпиадасы

Спортшы саны – 114

Спорт түрі – 18

Медаль саны – 8

Командалық есеп – 40.

Алтын:

Бақтияр Артаев (бокс, 69 келі);

Күміс:

Геннадий Головкин (бокс, 75 келі), Георгий Цурцумия (грек-рим күрес, 120 келі), Геннадий Лалиев (еркін күрес, 74 келі), Сергей Филимонов (ауыр атлетика, 77 келі);

Қола:

Серік Елеуов (бокс, 60 келі), Мкхитар Манукян (грек-рим күрес, 66 келі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика).


Бейжің олимпиадасы

Спортшы саны – 129

Спорт түрі – 20

Медаль саны – 13

Командалық есеп – 29

Алтын:

Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі);

Күміс:

Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі);

Қола:

Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабавецкая (ауыр атлетика, +75 келі).


Лондон олимпиадасы

Спортшы саны – 115

Спорт түрі – 20

Медаль саны – 13

Командалық есеп – 12

Алтын:

Серік Сәпиев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика, 53 келі), Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі), Светлана Подобедова (ауыр атлетика, 75 келі);

Күміс:

Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі);

Қола:

Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі), Иван Дычко (бокс, +91 келі), Марина Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі), Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі, 84 келі.


Рио-де-Жанейро Олимпиадасы

Ал соңғы Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында ел намысын 104 спортшы 26 спорт түрінен қорғады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жағынан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Алтын:

Данияр Елеусінов (бокс), Дмитрий Баландин (жүзу спорты), Нижат Рахымов (ауыр атлетика);

Күміс:

Елдос Сметов (дзюдо), Жазира Жапарқұл (ауыр атлетика), Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит (бокс), Гүзел Манюрова (еркін күрес);

Қола: Отгонцецег Галбадрах (дзюдо), Иван Дычко, Дариға Шәкімова (бокс), Александр Зайчиков, Фархад Харки, Карина Горичева (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова (еркін күрес).

Енді, санаулы күндерден кейін Токио Олимпиадасының алауы тұтанады. Спортшыларымызға сәттілік серік боп, жеңісті күндері көп болсын деген тілектеміз.


Соңғы жаңалықтар