Олимпиада ойындары келесі жылға қалдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абе Халықаралық Олимпиада комитетінен жазғы Токиода өтетін Олимпиада ойындарын коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдыруды сұрады. ХОК осыған келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Синдзо Абе Олимпиада тоқтатылмайтынын тек уақыты шегерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Токио Олимпиада және Паралимпиада ойындарын коронавирус инфекциясынан жеңісі ретінде өткізеді.

Жапония премьері Олимпиада өтетін мерзімді нақты жарияламады, оның айтуынша ол 2021 жылдың жазынан бұрын өткізілмейді.


Соңғы жаңалықтар