Олимпиада: Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін 87 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдесіп жатыр.

Аталған салмақ бойынша Қазақстан сапынан Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты.

Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды.

Екеуара кездесу 4:1 есебімен отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді.

Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК


Соңғы жаңалықтар