Олимпиада комитетінің ескертуі: Пхенчханда қатты аяз болады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат -Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратып жатқан журналистерге Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілі Сон Пэк Ю өткізген баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

«Бүгін қатты жел соғып тұр. Күннің суытып келе жатқаны байқалады. Синоптиктер ауа райының күрт құбылуы 14 ақпанға дейін жалғасатындығын болжауда. Ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді. Мен барлықтарыңызға жылы киініп жүруге кеңес беремін», - деп мәлімдеді Сон Пэк Ю.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ауа райына байланысты жарыстардың кестесіне өзгерістер енген болатын. 

Соңғы жаңалықтар