Олимпиада: Қазақстандық конькишілер жүлдесіз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы масс-старт жарысының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өкінішке қарай жартылай финалда үздік 16 спортшының қатарына енген отандасымыз Надежда Морозова финалда 15-ші орынға табан тіреді.

Осылайша бүгін конькимен жүгіруден ел намысын қорғаған атлеттеріміз жүлдеден тыс қалды.

Бұл сында Бейжің Олимпиадасының алтын медалін голландиялық конькиші Ирен Схаутен қанжығасына байласа, күміс жүлдеге канадалық Ивани Блонден иелік етті. Үздік үшінші орынды италиялық Франческа Лоллобриджида жеңіп алды.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында масс-старт жарысында Қазақстан сапынан Дмитрий Морозов қатысты. Ол жартылай финалда мәре сызығын 10-шы болып кесіп өтті. Бұл нәтиже отандасымызға финалға шығуға мүмкіндік бермеді.


Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар