Олимпиада: Қазақстан үш «қола» алғанымен, медальдар кестесінде төмен сырғыды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Бүгін қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында үш «қола» жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының он бесінші күні Қазақстан 7 қола медальмен жүлделер кестесінде 76-орынға төмендеді.

Бұрынғыша Қытай (34-24-46) көш бастап тұр, екінші орында – АҚШ (29-34-27), үшінші орында – Жапония (22-10-14).

Посткеңестік елдер арасында Ресей (16-22-20) бірінші орында. Одан кейін Өзбекстан (2-0-1) 32-орынға жайғасқан. Украина (1-3-9) 36-шы, Беларусь (1-1-1) 49-шы, Эстония мен Латвия (1-0-1) 56-шы, Армения мен Қырғызстан (0-2-1) 66-шы, Түрікменстан (0-1-0) 73-ші және Әзербайжан (0-0-3) 77-ші орынға жайғасқан.

5 тамыздың үздік ондығы:

1. Қытай — 34-24-16

2. АҚШ — 29-35-27

3. Жапония — 22-10-14

4. Аустралия — 17-5-18

5. Ресей — 16-22-20

6. Ұлыбритания — 16-18-17

7. Германия — 9-9-16

8. Италия — 7-10-18

9. Франция — 7-10-9

10. Нидерланды — 7-9-10

76. Қазақстан — 0-0-7.


Сурет: Владислав Семенов, ҚР ҰОК


Соңғы жаңалықтар